Алматыдағы Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында Денис Теннің оқиғасын санамағанда тағы да бірнеше ұрлық пен тонау оқиғасы болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Құқықтық статистика жөніндегі комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бергі қылмыс картасына көз жүгіртсек, Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қииылысында 8 ұрлық және 2 тонау оқиғасы болған. Екі тонау оқиғасы 4 мамырда және 25 маусымда көшеде болған. 8 ұрлықтың бірі 24 мамырда осы көшеде болған.
Айта кетейік, бұл көше қилысында полиция учаскесі орналаспаған. Жақын маңда екі полиция пункті бар.
Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.