02 маусым 2014 | 20:58

Департаменттің бұрынғы басшысының ісіне қатысты АШМ зардап шегуші тарап екендігін мойындамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото tengrinews.kz Фото tengrinews.kz

Ауылшаруашылығы министрлігі экс-шенеуніктің ісіне қатысты өздері зардап шегуші тарап екендіктерін мойындамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астананың "Алматы" ауданындағы №2 сотында Ауылшаруашылығы министрлігінің Малшаруашылығы департаментінің бұрынғы директоры Мақсұт Бақтыбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдалымы жалғасуда.


Иконка комментария блок соц сети

Ауылшаруашылығы министрлігі экс-шенеуніктің ісіне қатысты өздері зардап шегуші тарап екендіктерін мойындамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астананың "Алматы" ауданындағы №2 сотында Ауылшаруашылығы министрлігінің Малшаруашылығы департаментінің бұрынғы директоры Мақсұт Бақтыбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдалымы жалғасуда.

Бүгін сотталушының адвокаты соттан Мақсұт Бақтыбаевтың кесірінен Ауылшаруашылығы министрлігіне зиян келмегендігі туралы мәліметті қылмыстық іс құжаттарына қосуды сұрады. Қылмыстық іс шеңберіндегі үш эпизодтың бірі бойынша Ауылшаруашылығы министрлігі зардап шегуші тарап болып саналады.

"176-бапқа сәйкес, Бақтыбаев қаражатты жымқыру эпизоды бойынша Ауылшаруашылығы министрлігіне залал келтірді делінеді. Алайда сотқа аталған министрліктен одан ешқандай зиян келмегендігін, мекеме қандай да бір шығынға батпағандығын растайтын ресми түрдегі мәлімет келіп түсті" - деді отырыстан тыс берген сұхбатында сотталушының адвокаты Сергей Деев. Ол Ауылшаруашылығы министрлігі сотталушының әрекетіне баға бермейтінін, тек шығын келтірмегендігі туралы фактіні нақтылайтынын баса айтты. Сот Әсем Рамазанова бұл мәліметтерді құжатқа тіркеттірді.

Ауылшаруашылығы министрлігінің Малшаруашылығы департаментінің бұрынғы директорына 307 (қызметін асыра сілтеп пайдаланды), 310-1 (кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді), 176 (сеніп берілген бөтеннің мүлкін иемденді немесе оны ысырап етті) баптары бойынша айып тағылған. Сотталушының адвокаты Сергей Деевтің айтуынша, Бақтыбаевқа қатысты парақорлық айыбы тергеу барысында расталмады. Сондықтан оны мүлікке қиянат жасау, яғни 176-бапқа өзгерткен.

Еске сала кетелік, 2013 жылдың 28 желтоқсанында Мақсұт Бақтыбаевты "Малшаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы" ЖШС-ның бас директорынан 700 мың теңге алып жатқан жерінен Қаржы полициясы ұстап алған болатын. Қазіргі уақытта Ауылшаруашылығы министрлігі департаментінің бұрынғы басшысы қамауға алынған. Сот процесі осы жылдың мамыр айында басталды, сот тыңдалымының бірінші күнінде-ақ сотталушы өзіне тағылған айыптардың барлығымен келіспейтіндігін мәлімдеді. Кейіннен сот тыңдалымы барысында сотталушы ұсталған кезде өзінен табылған ақшаны қайдан алғанын түсіндірді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети