05 қаңтар 2023 | 10:56

Дикий Арман ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткен - бас прокурор

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Бас прокурор Берік Асылов "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қаңтар оқиғасындағы рөлі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурор Берік Асылов "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қаңтар оқиғасындағы рөлі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мысалы, Алматыда жүргізілген тергеу бойынша, Жұмагелдиевке ("Дикий Арман") ерекше рөл жүктелген. Оның ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін анықтадық. Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, жиналғандарды бақылауға алып, билікке бірыңғай ультиматум талаптар қою үшін "халық кеңесін" құруы керек болды", - деді бас прокурор Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, оған Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты, сондай-ақ Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген бандиттерді қаруландырған Махатов криминалдық тобының мүшесі белсенді көмектесті.

"Алайда олар жаппай наразылық акциясын басқара алмады. Адамдар оларға ілеспеді. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы ұсталғаны туралы ақпарат алғаннан кейін, сенімді алиби құру мақсатында содырларға тонауға қарсы күрес деген желеумен қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылды", - деді Берік Асылов.

Осы мақсатта, бас прокурордың мәліметінше, олар 6 қаңтарда Ritz Carlton және "Қазақстан" қонақүйлерінің тұрақтарында әр жерден кездейсоқ 24 азаматты ұрлап, ұрып-соғып, ұстаған.

"Кейіннен олар қаланың шетіне жеткізіліп, түні бойы ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерге орналастырған. Содан кейін олар әуежайға жеткізілді, онда бір адам - Өтепбаев азаптаудан қаза болды. Осы деректер бойынша тергеу аяқталды. Қазір танысу жүріп жатыр", - деп қорытындылады Берік Асылов.

Еске салайық, Жұмагелдиевтің ұсталғаны туралы 7 қаңтарда белгілі болды. Ол Алматыдағы арнайы операция барысында ұсталды.

Ұсталған кезде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт тапанша, оларға оқ-дәрілер, суық қару мен брондалған автокөлік тәркіленді.

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің топ мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны туралы хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети