Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды видео кадры

Қылмыстық топ басшысы Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыстық топ басшысы Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің қолдауымен Дубайдан А.Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласын қайтарды.

"Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандасы құрамында жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқан деген күдікке ілінді. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған, шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейін Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған. Күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Еске салайық, 2025 жылы қаңтарда Алматыда Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды.

Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының басшылары мен қарулы тобының мүшелері, ҰҚК-нің 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты.

Сот үкімімен Арман Жұмагелдиевке 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети