04 наурыз 2014 | 15:57

Диспетчер ұшақ апатына кінәсі барын мойындамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адвокат Абай Аблабеков пен диспетчер Қанат Ақылбеков. ©Тengrinews.kz Адвокат Абай Аблабеков пен диспетчер Қанат Ақылбеков. ©Тengrinews.kz

Шекара қызметі ұшағының апатқа ұшырауына кінәлі деп айыпталып отырған диспетчер Қанат Ақылбеков айыптаулардың барлығын мойындамады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Шымкентте сот барысында айтты. 29 жастағы Ақылбеков ҚР Қылмыстық кодексінің 295-бабының 3-бөлігі бойынша ("Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне соқтырған әуе көлiгi қозғалысы қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу") айыпталып отыр. Ол, тергеудің мәліметінше, "қонуға бет алудың басты схемасын бұзған". Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, ол жіберген қателіктер 2012 жылдың 25 желтоқсанында Ан-72 ұшағының апатқа ұшырауына себеп болды. Алғашқы сот тыңдауы куәгерлерден жауап алудан басталды. Диспетчерлер жұмысы мен олардың экипажбен сөйлесу ерекшеліктері туралы әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің бастығы Михаил Лужин әңгімеледі. Ол Ақылбековтың жауапты, тиянақты екенін және әрқашан хаттамамен ғана жұмыс істейтінін айтты. Лужиннің айтуынша, сол күні апаттан бір сағат бұрын Ақылбеков бір ұшақты сәтті қондырып, жарты сағаттан соң тағы бір ұшақтың сәтті қонуына қызмет еткен. Дегенмен әуе апаты құрбандарының туыстары диспетчердің кінәсі бар деп санайды. "Экипаж тәжірибелі болды. Ал бұл жерде биіктікке байланысты түсініксіз жайттар болған. Мен білмеймін, ол толық кінәлі ме, жоқ па. Оны сот анықтайды. Мен әділ шешім шығады деп үміттенемін", - деді қайтыс болған борт капитанының әпкесі Сәуле Үсенова. Еске салайық, ҚР Бас әскери прокуратурасының тергеу тобы "Қазаэронавигация" РМК Шымкент филиалының диспетчері Қанат Ақылбековке қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Апат салдарынан 27 адам қайтыс болған еді, оның 20-сы - әскери қызметкер, жетеуі - экипаж мүшесі. Ұшақ апаты құрбандарының арасында Шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен оның әйелі және Шекара қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болды. Ұшақ Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы аумағына құлаған еді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети