"Дағыстанда "Южная" диверсиялық-террорлық топ құрамында болған Қазақстан азаматы Замир Агаширинов сотталды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс К" ақпарат құралына сілтеме жасап.
"Дағыстанда "Южная" диверсиялық-террорлық топ құрамында болған Қазақстан азаматы Замир Агаширинов сотталды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс К" ақпарат құралына сілтеме жасап.
Қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алғаны және тасымалдағаны үшін Агаширинов 2 жыл 10 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде өтейтін болады. Топтың қалған алты мүшелеріне 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Дағыстан бойынша РФ Тергеу комитеті мәліметіне қарағанда, қылмыстық топ 2011 жылы Дағыстанда құрылған. Қылмыскерлер құқық қорғау органы қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау, таксистерге шабуыл жасап, олардың көліктерін ұрлап әкету және кәсіпкерлер мен муниципалдық орган қызметкерлерінен ірі көлемде ақша бопсалаумен айналысқан. Бандалық топ жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстар 70-тен асып жығылады екен.