30 қыркүйек 2014 | 16:12

Дубайда кісі өлтірген Қазақстан азаматшасы кешірім жасауды сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дубайдағы әйелдер колониясы. ©gulfnews.com Дубайдағы әйелдер колониясы. ©gulfnews.com

Дубайда 15 жыл бұрын жеңгетай әйелді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Қазақстан мен Өзбекстан азаматшалары өздеріне кешірім беруді және мерзімінен бұрын босатуды сұрап, тағы да өтініш білдірді, - деп хабарлайды Gulfnews.com.


Иконка комментария блок соц сети

Дубайда 15 жыл бұрын жеңгетай әйелді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Қазақстан мен Өзбекстан азаматшалары өздеріне кешірім беруді және мерзімінен бұрын босатуды сұрап, тағы да өтініш білдірді, - деп хабарлайды Gulfnews.com.

Біріккен Араб Әмірліктеріне оңай табыс табуға келген екі қыз 1998 жылы өз жеңгетайларын өлтірген. Олар әйелге пышақ салып, мәйітке жанармай құяды да, өртеп жібереді. Кейін өртенген сүйекті пакетке салып, қала сыртына апарып тастайды. Жеңгетайдың өлімін тергеу екі жылға жуық уақытқа созылды.

2000 жылы қыздар өмір бойына бас бостандығынан айырылды, олар Дубайдағы орталық түрмеде жаза өтеп жатыр. Басылымның хабарлауынша, бұл іске иорданиялық бір ер адамның да қатысы бар, ол да кісі өлтіргені үшін сотталған. Бір жыл бұрын қыздар Дубайда алғашқы инстанциядағы соттан кешірім жасауды сұрады, 2013 жылдың шілде айында сот өтініші қанағаттандырмады. Айта кетейік, БАӘ заңдары бойынша кешірім сұрауға өтініш беру үшін сотталғандар кемінде 15 жыл жаза өтеуі керек. Қыздардың кезекті өтінішіне қатысты шешімді сот енді 2014 жылдың қазан айында қабылдайды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети