Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"Екі адамды өлтірген" Қостанай тұрғынына айыппұл салынды

09 Желтоқсан 2014, 15:22
0
©fedpress.ru
©fedpress.ru

Қостанай облысы Жетіқара ауданының тұрғыны полицейлермен ерекше тәсілмен қалжыңдаспақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ер адам аудандық ішкі істер бөліміне хабарласып, екі адамды өлтіргенін айтқан. 

Аудандық ішкі істер бөліміне мұндай хабар 15 қазанда келіп түсті. Іс материалдарына қарағанда, 1982 жылы туған ер адам мас күйде жалған хабар берген. Жетіқара қаласы құқық қорғау органының жасағы хабарласушы айтқан жерге барды. Кісі өлімі дерегі расталмады. Екі адамды өлтіру дерегі туралы жалған хабар бергені үшін бұзақыға 6,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Мұның алдында Алматы облысының полициясы ұрлық туралы істі тергеу барысында нағыз кісі өлтіру дерегін кездейсоқ әшкерелеген болатын. Алдымен құқық қорғау органдары ұрлық жасауға күдікті ретінде 23 жастағы тұрғынды ұстады. Ол бұдан да ауыр қылмыс жасағанын мойындады, күдікті Қабанбай ауылы маңындағы шаруа қожалығында екі адамды өлтірген. Оқиға орнынан ер адам мен әйел адамның зорлық белгілері бар денелері табылды. Күдікті бөтелкелесін және өзімен бірге тұратын әйелді қызғаныштан туған жанжал барысында өлтіргенін айтты. Ер адам қамауға алынды, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.  

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай