29 қазан 2020 | 16:52

"Екі баланы зорлаған". ШҚО соты ер адамға шығарылған ақтау үкімін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысының соты екі баланы зорлағаны үшін сотталған ер адамға неге ақтау үкімі шығарылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысының соты екі баланы зорлағаны үшін сотталған ер адамға неге ақтау үкімі шығарылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешімді алқабилер мен судьялар дауыс беру арқылы шығарған.

"ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен С. А. Шестаковқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі ("Жас балаларды азғыру") және ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі ("Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері") бойынша айып тағылды.

Осыған дейін алқабилердің қатысуымен күдіктіге айыптау үкімі шығарылған еді. Алайда алқабилердің дауысы дұрыс есептелмеді деген шағымға қатысты бұл үкімнің күші жойылды. Қайта дауыс беру барысында алқабилердің көпшілігі ақтауға дауыс берді.

Істі қайта қарауға 10 алқаби қатысты. Олар айыптау мен қорғаудың барлық дәлелімен танысты.

Жасырын дауыс беру барысында алқабилер Шестаковты кінәсіз деп санап, ақтау үкімін шығарды", - делінген хабарламада.

"Екі баланы зорлаған". ШҚО-да сотталушы ақталды

Соттың баспасөз қызметі өкілі үкімнің заңды күшіне енбегенін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети