Екі жасар сәбиді ұрлап әкеткен бала күтуші Қарағанды облысында қамауға алынды. Бүгін Теміртау қалалық соты 22 жастағы күдіктіге қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екі жасар сәбиді ұрлап әкеткен бала күтуші Қарағанды облысында қамауға алынды. Бүгін Теміртау қалалық соты 22 жастағы күдіктіге қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Теміртау қалалық соты бұлтартпау шарасы ретінде күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада бала күтушінің екі жасар сәбиді ұрлап кеткені жайлы хабарланған болатын. Айнұр есімді қыз сәбиді Теміртаудан Астанаға алып кеткен еді.
Сондай-ақ, ол өзімен бірген сәбидің құжаттары мен туу туралы куәлігін, ата-анасының неке қию туралы құжатын алып кеткен.
Ведомстводағылардың мәліметінше, күдікті үстел үстіне хат қалдырып кеткен. Ол онда Викторияның ата-анасынан полицейлерге хабар бермеуін сұраған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша ("Адамды ұрлау") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.