14 сәуір 2016 | 13:48

Екібастұзда белгісіздер жүкті кассашыны ұрып-соғып, Қазпошта бөлімшесін тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ekburg.tv © ekburg.tv

Екібастұзда белгісіздер Қазпошта бөлімшесін тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейресми мәліметтер бойынша, бөлімшеден 1 миллион теңге жоғалған. Зардап шеккендер бар.


Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда белгісіздер Қазпошта бөлімшесін тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейресми мәліметтер бойынша, бөлімшеден 1 миллион теңге жоғалған. Зардап шеккендер бар.

Қалалық аурухананың өкілдері жүкті әйелдің зардап шеккенін хабарлады. Шамамен 18:30-да бөлімшеге шабуыл жасалған кезінде "Қазпошта" акционерлік қоғамының 26 жастағы байланыс операторы басына соққы алып, талып қалған. Келіншек қалалық аурухананың жарақат бөліміне бассүйек миының шайқалуы деген диагнозбен түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оның баласына ешқандай да қауіп жоқ. Зардап шеккен әйелдің жағдайы орта деңгейлі деп бағаланып отыр. 

Ұрылар әзірше ұсталған жоқ. Қалалық ІІБ баспасөз қызметінің өкілдері осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 91-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын айтты. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети