19 шілде 2016 | 17:38

Екібастұзда бұзақылар прокуратура мен полиция қызметкерлерінің бетіне оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vladitime.ru © vladitime.ru

Екібастұзда бұзақылар полиция және прокуратура қызметкерлерінің бетіне оқ атып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда бұзақылар полиция және прокуратура қызметкерлерінің бетіне оқ атып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, оқиға Екібастұздағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

"Прокуратура және полиция қызметкерлері травматикалық қарудан тиген оқтан бетіне жарақат алды. Тергеу мәліметінше, шабуыл жасағандар - жоғары оқу орнының 23 жастағы студенті мен жұмыссыз жүрген жас жігіт. Олар осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Жедел мәліметтерге қарағанда, зардап шеккендер 24 жастағы полиция қызметкері мен 30 жастағы прокурордың көмекшісі. Осы дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

"Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Күдіктілерді ұстауға қатысты шаралар жүріп жатыр", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Полициядағылардың айтуынша, зардап шеккендердің бірі ауруханада, ал екіншісі амбулаторлық ем алуға ауыстырылды. Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, қызметкерлердің бірі бұзақыларға ескерту жасағаннан кейін олар атысты бастаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети