22 қараша 2017 | 11:44

Екібастұзда мұғалім алаяқтық жолмен оқушы қыздың алтын бұйымдарын алып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cod68.ru © cod68.ru

Екібастұзда мұғалім оқушы қыздың аса ірі көлемдегі алтын бұйымдарын алаяқтық жолмен алып алған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда мұғалім оқушы қыздың аса ірі көлемдегі алтын бұйымдарын алаяқтық жолмен алып алған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, мұғалімге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Екібастұздағы мектептердің бірінде физика пәнінен сабақ беретін 23 жастағы мұғалімге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша ("Алаяқтық") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің 11-сынып оқушысының сеніміне кіріп, алдап, анасының еміне ақша керек болып жатыр деген сылтаумен оның алтын бұйымдарын иемденіп алған. Алған бұйымдарды мұғалім ломбардқа өткізіп, қолына шамамен 240 мың теңге алған. Оқушы қыз өз кезегінде алтын бұйымдарын қайтармақшы болады, бірақ мұғалімнен жауап болмаған соң қыз барлығын ағасына айтып беріп, осы жайлы Instagram желісіндегі парақшасында жазады", - делінген өңірлік полиция департаментінің ресми сауалға берген жауабында.

Полициядағылар қазіргі уақытта барлық бұйымның тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылғанын айтып өтті.

Ал мектептегілер бұл оқиғаға қатысты қандай да бір пікір беруден бас тартып отыр. 

"Физика мұғалімі сырқаттанып қалуына байланысты сейсенбіде, яғни, 21 қарашада жұмыс шығатынын айтқан болатын", - деді Екібастұздың білім бөліміндегілер. Бірақ мектептің қабылдау бөліміндегілер мұғалімнің әлі жұмысқа шықпағанын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети