26 қыркүйек 2016 18:08

Екібастұзда полицей мен тұрғын бір-біріне пара бергені үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Екібастұзда жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен тұрғын мен полицей біріне бірі пара берген, сол себепті де сотты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл төлеудің орнына, ер адам учаскелік инспекторға пара берген.

Айыппұл мөлшері шамамен тоғыз мың теңгені құраған. Жеке куәліктің иесі ақшасын үнемдегісі келіп, алты мың теңгемен құтылып кетпек болған. 

Құқық қорғау органының қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу барысында ер адам пара бергені жөнінде куәлік етіп келіп, тура сот процесі кезінде өз ойынан айнып шыға келген. 

Сотқа дейін учаскелік полицей жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен ер адамның сотта басқалай куәлік еткені үшін пара бергені анықталған. Екібастұз қаласының прокуратурасының мәліметі бойынша тұрғын жалған куәлік бергені үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 420-бабының 2-бөлігі бойынша 5 жылға (ҚР Қылмыстық кодексінің 63 бабын қоса отырып) шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 

Ал учаскелік полицей алдағы жылдары қоныс колониясында жазасын өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети