2019 жылдың басынан Павлодар өңірінің аумағында барлығы 61 есірткі қылмысы тіркелген. Оның ішінде 46-сы - есірткі заттарын өткізу фактісі, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар".
2019 жылдың басынан Павлодар өңірінің аумағында барлығы 61 есірткі қылмысы тіркелген. Оның ішінде 46-сы - есірткі заттарын өткізу фактісі, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар".
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс аумағында синтетикалық есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесуге бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі.
"Қазан айында Екібастұз қаласында полиция басқармасының қызметкерлерімен есірткі қылмысына қарсы әрекет ету бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ер адамның қалтасынан полиэтилен орамасы табылып, сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде орамада есірткі екені анықталды. Жалпы салмағы - 3 граммнан астам. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау")
бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - дейді департамент өкілдері.
Айта кетейік, интернетте синтетикалық есірткі заттарын сату туралы ақпарат жарияланады. Аккаунт блогерлері көбінесе граффити жазбаларын жариялау арқылы жарнама жасап жатқандарын түсінбестен, осы ақпараттардың таратылуына ықпал етеді.