1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Екібастұзда сержант алған парасын қорыққаннан жұтып қойды04 желтоқсан 2017, 17:57

© Амир Абдулхаимов © Амир Абдулхаимов

Павлодар облысында қоныс колониясы бөлімінің басшысы сотталушыдан пара алған. Алайда ол алған парасын қорыққаннан жұтып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сотталушы И. "АП-162/10" аумағынан түнгі уақытта ақша берген жағдайда жазасын өтеуші Г-ны жіберетін болып келіскен. Сондай-ақ, телефон арқылы сөйлескен кезде сотталушы жазасын өтеушіден азық-түлік алуын талап еткен. 2017 жылы 1 маусымда азамат Г. мекеменің кіреберісінде сотталушы И-дің қолына сегіз мың теңге мен азық-түлік салынған қалташа ұстатқан", - деді соттағылар.  

"И-дың әрекеті әшкере болған кезде ол қаражаттан құтылу үшін жұтып қойған. Алайда, кейінірек қаражат тәркіленді", - делінген хабарламада. 

Сот үкімімен азамат И-ге пара мөлшерінің алпыс есе көбейтіліп айыппұл салынды - 530 400 теңге. Ол ендігіде де мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінде жұмыс істей алмайды және аға сержант шенінен айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.