Екібастұзда ұры сауда орталығындағы манекенді шешіндіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Instagram желісіндегі poleznyi_ekibastuzets папрақшасында жарияланған.
Екібастұзда ұры сауда орталығындағы манекенді шешіндіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Instagram желісіндегі poleznyi_ekibastuzets папрақшасында жарияланған.
Екібастұз сауда орталықтарының бірінде бейне бақылау камералары ұрының әрекетін түсіріп алған. Видеоның кадрларында ер адамның бутиктің жанында тұрып, манекеннен күрткені шешіп, өзіне киіп алғаны түсіп қалған. Ұры еш жағына қарамастан, киімнің бағасы жазылған қағазды жыртып тастайды. Осыдан кейін, ол кетіп қалған. Тонау әрекеті көпшіліктің көзінше жасалғанына қарамастан, ешкім оған назар аударып, ұстап қалуға бармаған.
Желіде жарияланған видеоны полицейлер зерттеп жатыр. Павлодар облыстық баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша тексеру жүріп жатыр. Тексеру қорытындысын кейінірек жариялайтынын айтты.