Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен 50 миллион теңге ақша ұрланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен белгісіз біреулер 50 миллион теңге ақша ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі пошта қызметкерлеріне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен белгісіз біреулер 50 миллион теңге ақша ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі пошта қызметкерлеріне сілтеме жасап. 

Оқиға 6 мамырға қараған түні болған. "Таңертең жұмысқа келгенде болған жағдай туралы білдік. Бізге Екібастұздағы №1 пошта бөлімшесін тонап кеткенін айтты ", - деді Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесіндегілер. Бөлімшеден ұрланған ірі сомадағы қаржының әлеуметтік төлемдерге арналғаны белгілі болды. "Болған ТЖ байланысты біз зейнетақыны, жалақы мен жәрдемақыны бере алмай отырмыз. Себебі, ақша жоқ!", - деді пошта қызметкерлері. Кейін "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі бөлімшенің штатты режимде жұмыс жасап жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың желтоқсанында Оралда жетім және мүгедек балалардың есепшотынан 22 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырған "Қазпоштаның" тоғыз қызметкері сотталғаны хабарланған болатын. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, материалдық жауапты тұлға болған "Қазпоштаның" тоғыз қызметкері өздерінің "Колвир" жүйесіндегі логині арқылы жалған құжат жасап, жетімдер мен мүгедек балалардың ақшасын ұрлаған. "Қазпошта" Акционерлік қоғамының 2014 жылдың 3 жалтоқсандағы мәліметінше, сотталғандар қазір келтірілген шығын сомасын ішінара өтеген. Сот "Қазпошта" АҚ филиалының операциялық учаскесінің бастығын "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу" бабы бойынша айыпты деп танып, оны жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Тағы үш сотталушыға шартты жаза берілді. Бұған қоса, екі сотталушының бостандығы бір жылға шектелді. Бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған тағы екі сотталушы үшін үкімді орындау бір жылға шегерілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro