27 шілде 2015 | 15:51

Екібастұздағы "Қазпошта" бөлімшесінен 60 миллион теңгені экс-полицейлер ұрлаған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен 60 миллион теңгені әкеткен экс-полицейлер болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесін тонады делінген күдікпен тағы бір адам ұсталды.


Иконка комментария блок соц сети

Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен 60 миллион теңгені әкеткен экс-полицейлер болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесін тонады делінген күдікпен тағы бір адам ұсталды.

Еске сала кетейік, осыған дейін 27-34 жас аралығындағы үш ер адамның қамауға алынғаны хабарланған болатын. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төртінші адамды ұстады. "Күдіктілер кінәларын мойындады, ұсталғандардың екеуі бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілдері.

Экс-полицейлердің қызметінен қай кезде, не себепті кеткені белгісіз. Айта кетейік, полиция қылмыстың бетін тезірек ашу үшін бар мүмкіндікті пайдаланды. "Ұсталғандардан 28,5 миллон теңге көлемінде ақша тәркіленді. Қалған ақшаны табу үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу 3 айға созылды, тергеу амалдары аяқталуға жақын", - деп жазылған ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

Осыған дейін хабарланғандай, Ақшаның жартысы күдіктілердің бірінің туысының үйіндегі гаражға көмілген жерінен табылды. Тағы бірнеше соманы ұрылар туыстарының және өздерінің несиелерін жабуға пайдаланған.

Еске сала кетейік, Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен белгісіз біреулердің 50 миллион теңге ақшаны ұрлап кеткені хабарланған болатын. Оқиға 6 мамырға қараған түні болған. Терезені сындырып кірген қаскүнемдер ғимараттың екінші қабатына түсіп, күзетшіні байлап, арнайы байланыс бөлмесінен 59 900 000 теңгені алып кеткен. Бөлімшеден ұрланған ірі сомадағы қаржының әлеуметтік төлемдерге арналғаны белгілі болды. "Қазпошта" АҚ бас кеңсесіндегілер Екібастұз бөлімшесіндегі жағдайдың жұмысқа еш әсер етпегенін хабарлады. Кейін полиция "Қазпошта" АҚ Екібастұздағы бөлімшесін тонағандар бес қалтаға салынған ақшаны қару-жарақсыз алып кеткенін мәлімдеді. Тоналған Қазпошта бөлімшесі қалалық полиция басқармасы және әкімдікпен бір көшеде орналасқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети