Екібастұзда полиция мен прокуратура қызметкерлеріне оқ атқан бұзақылар қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда полиция мен прокуратура қызметкерлеріне оқ атқан бұзақылар қамауға алынды © vladitime.ru

Екібастұзда полиция мен прокуратура қызметкерлерінің бетіне оқ атқан екі азамат қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда полиция мен прокуратура қызметкерлерінің бетіне оқ атқан екі азамат қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел мәліметтерге қарағанда, бұзақылар қамауға алынды. "Күдіктілер - 23 жастағы азаматтар. Олардың бірі Астана қаласындағы жоғары оқу орындары бірінің бесінші курс студенті. Ол жазғы демалыс уақытына Екібастұзға келген екен. Ал екінші күдікті Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Ол осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деп хабарлайды жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл оқиға Екібастұздағы дәмханалардың бірінде болған. Онда күдіктелер шу шығарған болатын. Сол уақытта дәмханада полиция мен прокуратура қызметкерлері болған. Олар жас жігіттердің тынышталуын сұраған. Алайда, бұзақылар оларға жауап ретінде травматикалық қарумен беттеріне оқ атып, оқиға орнынан жасырынған.

Содан 24 жастағы полиция қызметкері мен 30 жастағы прокурордың көмекшісі зардап шеккен. Олар оқиға орнынан ауруханаға жіберіліп, амбулаторлық ем алуға ауыстырылды. Айта кетейік, "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қамауға алынғандар әзірше түсінік берген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети