Екібастұздық жігіт өз қызын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздық жігіт өз қызын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген © Тұрар Қазанғапов

Екібастұздық жігіт өзінің сүйіктісінің тәнін саудалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздық жігіт өзінің сүйіктісінің тәнін саудалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің сөзінше, 29 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны 23 жастағы сүйіктісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Күдіктінің қызға төрт ай бойы қорлық көрсеткені анықталған. "Ұсталған азамат биыл мамырдан маусымға дейін күш көрсету мен қорқыту арқылы өзінің қызын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ол қаладағы сауналардың бірінде жұмыс істеген, бірге тұрып жатқан өз қызын да сол жерде саудалап, пайда тапқан", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.  

Қазір ер адамға қатысты "Жезөкшелікпен айналысуға тарту" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша ер адам 3 000 АЕК айыппұл немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады, сондай-ақ мүлкі тәркілене отырып, үш жылға сотталуы мүмкін. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети