Экологияға тигізген залалы үшін Ақсу зауыты 113 миллион теңге айыппұл төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экологияға тигізген залалы үшін Ақсу зауыты 113 миллион теңге айыппұл төлейді Ақсу ферраоқорытпа зауыты. Сурет: aksuwiki.org

Экологияға келтірген залалы үшін Ақсу ферраоқорытпа зауыты 113 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экологияға келтірген залалы үшін Ақсу ферраоқорытпа зауыты 113 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сілтеме жасап. 

Павлодарлық экологтар өндіріс орнының қалдықтары рұқсат етілген мөлшерден асып кеткендігін анықтады. "Жоспардан тыс тексеру барысында 2013 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытынан ауаны ластайтын қалдықтардың шектен тыс мөлшерде шығып жатқаны анықталды. Заң бұзушылық зауыттағы шаң мен газды тазалайтын құрылғыны дұрыс пайдаланбағандықтан орын алған", - деді сотта.

"Тексеріс қорытындысы бойынша зауытқа тиісті айып тағылды. Бірақ, зауыт келтірген залалдарды мойындаудан бас тартып, айып мөлшерін қайта қарау үшін сотқа шағымданды", - дейді бұл мәселеге байланысты Павлодар облысының экология департаменті. Сондай-ақ экологтар зауыт тарапынан мұндай заң бұзушылық 2014 жылы да тіркелгенін атап өтті. Айта кетейік, табиғатқа келтірген залал үшін тағайындалған жазадан бөлек өндіріс орны тағы 37 миллион теңге айыппұл төлеуі қажет.  

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети