Экология министрлігінің лауазымды тұлғалары мен "ӨКМ Операторы" басшылығы 180 миллиард теңге жымқырмақ болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Экология министрлігінің лауазымды тұлғалары және "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығы 180 миллиард теңге жымқырмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Экология министрлігінің лауазымды тұлғалары және "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығы 180 миллиард теңге жымқырмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның үйлестіруімен "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің 180 миллиард теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлаудың алдын алған.

"Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары және "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығы электр энергиясын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру жолымен кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 миллиард теңгені ұрлауға ниеттенген", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, бұл ретте электр энергиясын мемлекет 15 жыл ішінде негізсіз жоғары тариф бойынша сатып алуға және жеке компанияға миллиардтаған пайда әкелуге кепілдік беруі керек болған.

"Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленіп, ақшалай қаражат бұғатталған. Экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басшылары қамауда. Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro