02 наурыз 2022 | 08:52

Экс-әкім Бақауовтың қатысы бар жол апаты: қылмыстық іс қозғалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/bbakauov © instagram/bbakauov

Полицейлер Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың қатысы бар жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полицейлер Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың қатысы бар жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл ақпанда Павлодар - Қызылорда тасжолында екі жол талғамайтын көлік пен жүк көлігі соқтығысқан еді. Бұрынғы әкім Бақауов мінген көлік "Газельге" соқтығысты.

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті өкілі.

Осы іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқан баптың санкциясы 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл, 160 сағаттық қоғамдық жұмыс және 40 тәулікке дейін қамауға алу, ең төменгі жаза - 600 айлық есептік көрсеткішке дейін не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2-3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны көздейді.

Еске салайық, Lexus LX 470 және Lexus LX 570 арасындағы жол апаты 14 ақпанда кешке болды. Нәтижесінде Lexus LX 570 көлігі 33 жастағы жүргізуші тізгіндеген "Газельге" соқтығысты. Жәбірленушілер ауруханаға жатқызылды. Ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатын және жамбас жарақатын алған еді.

Кейін Pavlodarnews.kz журналистерімен телефон арқылы сөйлескен Бақауов апат кезінде жолаушылар орнында отырғанын айтты. Сондай-ақ, ол өзінің жол талғамайтын көлігін басып озған жүргізуші алдымен оқиға орнынан қашып кеткенін, бірақ кейін қайтып келгенін жеткізді.

Болат Бақауов 2020 жылдың мамырында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Іс материалдары бойынша Бақауовтың жиеніне тиесілі фирма 200 миллион теңге көлемінде салық төлемеген, ал тағы бір туысы бұл соманы 40 есе азайтуды талап еткен. Тергеу мен соттан кейін экс-әкімге 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қоғамдық жұмыстарға тартылды. Алайда кейінірек Павлодар облысы бойынша ҚАЖД сотталушының тұрақты жұмыс тапқанын және қоғамдық еңбекке тартылмайтынын айтты. Павлодар облысы экс-әкімінің мерзімі 2023 жылы тамызда аяқталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети