12 мамыр 2022 | 15:57

Экс-министр Біртановқа қатысты басты сот отырысының уақыты белгіленді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы өтетін күнді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы өтетін күнді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық істің материалдарын қарап: ҚІЖК-ны бұзу деректерін жою және қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтату және Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту мақсатында сотталушылар мен қорғаушылардың қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартты. Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті айыптау бойынша қылмыстық іс өндіріске қабылдансын. Басты сот талқылауы 26 мамыр сағат 10.00-ге жалпы тәртіппен ашық сот отырысында тағайындалсын", - деп қаулы етті Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов.

Еске салайық, бұған дейін сот заңбұзушылықтарды жою үшін экс-шенеуніктерге қатысты қылмыстық істі прокурорға қайтарған болатын. 11 мамырда өткен алдын ала тыңдауда Біртановтың адвокаттары заңбұзушылықтар жойылмағанын мәлімдеді.

Алайда сот істі өндіріске қабылдады.

"Сот қылмыстық істі қайта қайтаруға негіз жоқ деген қорытындыға келді. Сот талқылауында сіздермен бірге ұсынылған құжаттарды зерттейміз және сот осы материалдарға баға береді. (...) Істі қайтаруға ең басты негіз қорғау тарапының шағымдарына жауап берілмегені болды. Бұл мән-жайды прокуратура жойды, ал сотталушылардың кінәсі немесе кінәсіздігі туралы дәлелдемелерді басты сот талқылауында зерттеп, бағалаймыз", - деп түсіндірді судья.

Бұрынғы министр Біртановтың қылмыстық ісі қайта сотқа түсті

Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети