Соңғы уақытта елімізде пәтерге байланысты алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Соңғы уақытта елімізде пәтерге байланысты алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2015 жылы республика бойынша пәтерлерді және үйлерді сатумен байланысты алаяқтықтың 700-ден астам фактісі тіркелген. 2016 жылдың 3 айы ішінде осындай сипаттағы фактілер бойынша 519 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды. Алаяқтардың тапқырлығы мен "клиенттердің" сенімділігіне сәйкес тұрғын үйлерге қатысты алаяқтық әдістері сан түрлі екен.
"Мұндай әдістердің кең тарағаны - пәтерді нарықтағы бағадан төмен бағаға сату. Мысалы Шығыс Қазақстан облысында бір азаматша бұқаралық ақпарат құралдарында және инернет сайттарында банкілерде кепілде тұрған пәтерлерді сатып алу және оларды нарықтағы бағадан төмен бағаларға сату туралы хабарландырулар берген. Өз қызметінің заңды болып көрінуі үшін және азаматтарды жаңылдыру мақсатында олармен нысаналы мақсаты "пәтерді сатып алу" деп көрсетілген нотариус куәландырған қарыз шарттарын жасасқан. Сонымен қоса шарт бойынша азаматтарда ұсынылып отырған пәтерлерді өз бетімен көруге және мемлекеттік органдардан пәтерлердің тіркелуі мен кімге тиесілі екені жөнінде ақпарат сұратып алуға құқығы болмаған", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде азаматша тоқсан екі жәбірленушіге жалпы сомасы 371 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Бұл заңсыз әрекеттері үшін Өскемен қаласы сотының үкімі бойынша азаматша мүлкін тәркілеу және 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, оған жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.
Сонымен қатар, басқа жағдайларда алаяқтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша үй алуға көмек береміз деген уәдемен жәбірленушілерден алдау жолымен ірі сомалар алып отырған. Мысалы Орал қалалық сотының үкімі бойынша мүлкін тәркілеу және әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен 5 әйел адам сотталды.
Бұл әйелдер тобы өздерін жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі менеджерлер ретінде таныстырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан пәтерлерді сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген. Ақшаны беру қарыз шартымен рәсімделеді. Нәтижесінде ақша да жоқ, пәтер де жоқ. Бұл әдісті алаяқтар бір жыл бойы қолданып келген, олар елуден астам азаматты алдап, әрқайсысына 30 бен 50 мың АҚШ доллары көлемінде залал келтірген. 2015 жылы алаяқтардың құрығына түскен азаматтар құқық қорғау органдарына шағымдана бастаған уақытта олардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Қазіргі уақытта кінәлілер сотталды, алайда залал толығымен өтелген жоқ.
Бұл алаяқтықтың бірнеше түрі ғана дейді баспасөз өкілдері. Ал қазіргі заманда олардың түрлері одан да көп екен. "Жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жоспарлау барысында, әр адам өзін алаяқтардан қорғау туралы ойлануы керек. Ол үшін жылжымайтын мүлік объектісінің бағасына назар аударған жөн, өйткені пәтерлер тым арзанға сатылмайды. Ең алдымен басты назарды адамдарға емес, құжаттарға аудару қажет. Барлық құжаттар рет-ретімен толық болуы керек және сізге мәміле алдында берілуі міндетті. Сонымен қатар барлық жағдайда құжаттардың түпнұсқасын талап етіңіздер. Пәтер алаяқтылығы аңыз емес! Сондықтан арзан бағаның соңына ілесіп кетпеңізер, бұл алаяқтардың құрған тұзағы. Сіз неғұрлым қырағы болсаңыз, онда соғұрлым қауіпсіз әрі тыныш боласыз", - деп кеңес берді ведомстводағылар.