04 ақпан 2014 | 14:43

Еліміздің төрт азаматы лаңкестерді қаржыландырды деп айыпталып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанның төрт азаматы терроризм қызметін қаржыландырды деген күдік тудырып отыр. Енді оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (Қаржы полициясына) сілтеме жасап. 2014 жылы 16 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті 2012-2013 жылдары жалпы мөлшері 600 мыңнан астам теңгені шетелге аудару арқылы террористік қызметті қаржыландырған үш азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Сонымен бірге осы жылдың 31 қаңтарында Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті тағы бір қазақстандық азаматқа қатысты терроризмді қаржыландыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оған банктік аударым арқылы 2 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты шетелге жіберу жолымен халықаралық террористік ұйымды қаржыландырды деген күдік тағылуда. "Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - делінген аталмыш ведомстваның хабарламасында. Жалпы 2013 жылы қаржы полициясы органдары радикалды діни ағымдардың өкілдеріне және олармен сыбайлас тұлғаларға қатысты экономикалық және қаржылық қылмыстарды жасау фактілері бойынша 81 қылмыстық іс қозғады, олардың 50-і қарау үшін сотқа жолданған. Бұдан бұрын хабарланғандай, Сириядағы әскери қақтығысқа қатысқан Екібастұз қаласының төрт тұрғынына қатысты сот отырысы басталды. Сотталушылар терроризмді насихаттап және оны қаржыландырды деп айыпталып отыр. Сонымен бірге олар террористік топта қызмет еткен деп күдіктелуде.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети