Елорда тұрғыны қызын "ренжіткен" баланы бір ұрып ауруханаға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда тұрғыны қызын "ренжіткен" баланы бір ұрып ауруханаға түсірді Иллюстрациялық сурет

Нұр-Сұлтанда ер адам қызының бетіне ойнап жүріп доп кепкен 13 жастағы баланы бір ұрып ауруханаға түсірді. Ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Оны қалалық полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ер адам қызының бетіне ойнап жүріп доп кепкен 13 жастағы баланы бір ұрып ауруханаға түсірді. Ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Оны қалалық полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, 28 мамырда сағат 21:35-те "102" арнасына Бараев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрғаны туралы қоңырау түскен.

"Осы дерек бойынша 36 жастағы қала тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Айтуынша, 10 жастағы қызы үйге мұрны қанап жүгіріп келіп, оған 13 жастағы бала аулада ойнап жүріп бетіне доп тепкенін айтқан. Осыдан кейін ол сыртқа шығып, қызын ренжіткен баланы бір ұрады, ол құлап, жиектасқа соғылады. Бала ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді елорда ПД баспасөз қызметіндегілер.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті өкілдері ересектерге мұндай әрекеттер жасауға болмайтынын ескертті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың құқықтарын бұзғаны және олардың денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети