Елордада 28 жылқыны ұрлау ісінде жаңа деректер шықты

Елордада 28 жылқыны ұрлау ісінде жаңа деректер шықты

Нұр-Сұлтан қаласындағы 28 аттың өліміне қатысты Ақмола облысының полицейлері барымташыларды ұстаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласындағы 28 аттың өліміне қатысты Ақмола облысының полицейлері барымташыларды ұстаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Күдіктілерге 58 жылқыны ұрлады деп айып тағылып отыр. Келтірілген шығын мөлшері - 17 миллион теңге. Олар жол талғамайтын көлікпен ұрланған жылқылар бар ауыр жүк көлігімен бірге келе жатқандарын айтқан. Алайда жолда бірнеше жылқы тұншығып қалғандықтан олар жануарларды жолға тастап кеткен. 

"Күдіктілер ұрланған жылқыны Аршалыдан елорданың Көктал шағын ауданына апаруға Man жүк көлігіне артқан. Жан-жағы бітеу көлікте мұншама мал шыдамаса керек, тұншығып өлген. Сасқанынан өлекселерді лақтырып кеткен", - дейді Ақмола облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жанат Жылқыбаев. 

Полиция мәліметінше, қылмыстық топты астанада тұратын 41 жастағы қорғаныс министрлігінің офицері басқарған. Алайда ол қазанда қызметінен босатылған. 

Еске салайық, 28 өлі жылқы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда жаңа зираттың маңынан табылған болатын. Артынша тағы 18 жылқы елорда маңынан табылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети