Елордада ер адам мас күйде әйелі мен баласына оқ атқан

Елордада ер адам мас күйде әйелі мен баласына оқ атқан © 74.ru

Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжал атыспен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжал атыспен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция өкілдеріне 55 жастағы елордалық тұрғынға және 5 жасар балаға оқ атылғаны туралы хабар 20 қазанда сағат 22:19-да түскен. 

"Отбасылық жанжал барысында 59 жастағы ер адам мас күйде болып әйелі мен басқа некеден туған баласын жарақаттаған. Әйел адам алған жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тауып, 5 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - делінген хабарламада. 

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course up  595.85  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети