01 қазан 2020 | 17:07

Елордада күзетшілер 19 жастағы жігітті аяусыз ұрып-соқты деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада бардың күзетшілері 19 жастағы аяусыз жігітті ұрды деген күдікке ілінді. Бұл туралы жігіттің анасы әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елордада бардың күзетшілері 19 жастағы аяусыз жігітті ұрды деген күдікке ілінді. Бұл туралы жігіттің анасы әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде алматылық әйел жазба жариялаған. Ол ұлын елордадағы бардың күзетшілері соққыға жыққанын айтады.

"2020 жылы 25 қыркүйекте ұлымның туған күні еді. Ол Астанада болды. Ұлым туған күнін достарының жанында рестобарда атап өтті. Кейін осы бардың күзетшілері ұлымды аяусыз соққыға жықты. Балам есін жиған соң полиция қызметкерлерін өзі шақырды. Бұл түнгі сағат екі болатын. Осыдан соң ол ауруханаға жеткізілді. Оның мұрны сыныпты", - дейді ол.

 

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті болған жағдайға қатысты түсінік берді. 

"Осы жылдың 26 қыркүйегінде сағат 02.47-де полицияға Тұран даңғылы бойында Central барының күзетшілері екі келушіге дене жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті. 19 жастағы жігіт Нұр-Сұлтан қаласы №2 ауруханасына жеткізілді. Күдікті анықталып, ұсталды. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция карантин режимін бұзғаны үшін бардың әкімшілігіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети