Елордада қоқыс контейнерлерін ұрлағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада қоқыс контейнерлерін ұрлағандар ұсталды © Башинформ

Нұр-Сұлтан қаласының криминалдық полиция басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ЖК-ның екі қызметкерін ұстады. Олар жұмыс уақытында қызметтік қоқыстасығыш көлікпен қала ұйымдарына тиесілі қоқыс контейнерлерін ұрлаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталғандар қоқыс контейнерлерін оларды әрі қарай түрлі фирмаларға жалға беру мақсатында ұрлағандарын түсіндірген. Күдіктілер 8 қоқыс контейнерін ұрлағандары жөнінде мойындау айғағын берді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

"Аталған адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен барлық меншік нысандары түрлері мекемелеріне Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-69, 71-60-10 немесе "102" телефондарына хабарласуларын сұраймыз", - дейді полицейлер. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети