Елордада ірі есірткі зертханалары жойылды: 25 келі "синтетика" тәркіленді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада ірі есірткі зертханалары жойылды: 25 келі "синтетика" тәркіленді Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің қызметкерлері  синтетикалық есірткі өндірілетін үш ірі есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД-не сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің қызметкерлері  синтетикалық есірткі өндірілетін үш ірі есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД-не сілтеме жасап.

19 ақпанда Талапкер ауылындағы жалдамалы үйлердің бірінде есірткі зертханасын ашқан 24 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны ұсталған. Күдікті есірткіні елорда аумағында тарату үшін жасаған, концентратын шетелден алған.

Ұсталған ер адам 2021 жылдың желтоқсанынан бастап әлеуметтік желі арқылы "синтетика" жасау бойынша жұмыс істеген. Сайт әкімшісі тапсырманы онлайн беріп, тапсырма орындалғаннан кейін биткоин түрінде ақша аударып отырған. Есірткі сатушы өз өнімін интернет арқылы байланыссыз тәсілмен сатқан. 

Елордалық полицияның мәліметінше, 25 ақпанда тағы бір ірі есірткі зертханасы анықталып, жойылды.

Арнайы операцияның нәтижесінде 23 жастағы елорда тұрғыны қолға түскен. Күдікті сатуға арналған тауарларды үйінде жасаған, оған медициналық білімі бар азаматтық некедегі жұбайы көмектескен. Жұп есірткіні қаланың әр жеріне тастап отырған. 

Елорда іргесіндегі үйді тінту кезінде ұсталғандардан синтетикалық есірткі өндіруге арналған шыны лотоктар, электронды таразылар, прекурсорлар, пластик ыдыстар, гигрометр, шамдар, желдеткіш, қаптамаға арналған пластик пакеттер және басқа химиялық элементтер тәркіленді.

"Ұсталғандар қала шетінен баспана жалдап, бетбелгілер қалдыру үшін көліктерді жалға алған. Күдіктілер есірткі өндіруге қажетті компоненттерді шетелден интернет арқылы алдырған. Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 25 келі, бұл шамамен 500 миллион теңгеден аса сома, 100 мың бір реттік доза", - деді елордалық ПД.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети