Елордалық Триатлон саябағында 66 шам ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметіне сүйенсек, Триатлон саябағындағы шамдарды екі ай бойы көше және саябақ жарығына жауапты ЖШС-нің үш қызметкері ұрлап келген. Олар түнгі уақытта саябақ аумағына кіріп, екі метр тіректерге шығып, шамдарды бұрап алған.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, келтірілген шығын сомасы шамамен 8 миллион теңге. 

"Түнгі уақытта тұрақты түрде саябақ ауданына кірген қызметтік автокөлік жедел уәкілдердің қызығушылығын тудырды. (...) Ұрлық жасады деген күдікпен полицейлер ЖШС-нің 32, 49 және 50 жастағы үш қызметкерін ұстады.

Анықталған дерек бойынша "Ұрлық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында заттай дәлелдемелер шамды сатып алушыдан ішінара алынды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети