Еңбек министрінің бауыры Тимуржан Нұрымбетов 10 жылға сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек министрінің бауыры Тимуржан Нұрымбетов 10 жылға сотталды Тимуржан Нурымбетов

Бұрынғы еңбек министрінің бауыры Тимуржан Нұрымбетов 10 жылға сотталды. Бұл туралы Тараз қаласының № 2 сотында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы еңбек министрінің бауыры Тимуржан Нұрымбетов 10 жылға сотталды. Бұл туралы Тараз қаласының № 2 сотында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта Нұрымбетов, Романова, Өтеулина, Сарымсақов, Мұстафаға қатысты қылмыстық іс қаралған.

"Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Нұрымбетов тергеу барысында 44 миллион теңгеден аса ірі мөлшерде пара алды, алаяқтық жасады, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 54 миллион теңгеден аса сомаға залал келген.

Басқарманың бұрынғы қызметкерлері Романова мен Өтеулина парақорлық, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталды. ЖШС директоры Сарымсақов және Мұстафа алаяқтық жасады, парақорлыққа делдал болды және ірі мөлшерде пара берді деп айыпталды", - деді сотта.

Прокурор Нұрымбетовке 12 жыл бас бостандығынан айыру, Романоваға - сегіз жыл бас бостандығынан айыру, Сарымсақоваға - тоғыз жыл бас бостандығынан айыру, Өтеулинаға – жеті жыл бас бостандығынан айыру, Мұстафаға - жеті жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Адвокаттар бапты қайта саралауды сұрады. Кінәні ішінара мойындау жазаны жеңілдететін, ал қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалғаны ауырлататын мән-жәй деп танылды.

"Сотталушылардың кінәсі бір-бірін әшкерелейтін айғақтармен, куәгерлермен, сараптама қорытындысымен және басқа да деректермен дәлелденді. Нұрымбетовтың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, Нұрымбетов қылмыс құрамының болмауына байланысты ақшаны заңдастыру айыбы бойынша ақталды", - делінген сот хабарламасында.

Қалғандары: Романова және Сарымсақов сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленді.

Өтеулина бес жыл, Мұстафа жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети