Банк карталарын қолдан жасап, алматылықтардың шотынан ақша шешіп жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банк карталарын қолдан жасап, алматылықтардың шотынан ақша шешіп жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полициядағылар күдіктінің Алматы облысының тумасы екенін және оның Қытайдан алдын ала пластикалық бұйымдарды шығаратын техникалық құрылғыларды жеткізіп жүргенін анықтады.
"Қаскөй карталарды қолдан жасап қана қоймай, ашық дереккөздерден тұрғындарға қатысты жеке мәліметтерді алып отырған. Сол мәліметтерді ол картаға енгізіп, кейін ақшаларды шешіп отырған. Бірақ ол аса үлкен сомадағы қаражаттарды шешпеген, шамамен 10 мың теңгеден алып отырған", - деп хабарлады Медеу аудандық ІІБ басшысы Болат Тотыбаев.
Оның айтуынша, 35 жастағы күдіктіден 114 жалған банк картасы тәркіленді.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, кінәсін толықтай мойындады.
© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі