Елордада ер адам болып танысып, тұрғындарды алдаған алаяқ әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордада ер адам болып танысып, тұрғындарды алдаған алаяқ әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында 30 жастағы елордалық тұрғынды ұстады. Ол бірнеше рет алаяқтық жасаған. Әйел ер адам болып танысып, тұрғындардан хабарласу үшін телефонын сұраған. Кейін ол оқиға орнынан ізін суытып отырған. Күдіктінің сыртқы келбеті ер адамға ұқсас болған. Сондықтан ол жоспарын сәтті жүзеге асырып отырған. Ал ұрланған ұялы телефондарды арзан бағаға кездейсоқ адамдарға сатқан", - делінген хабарламада.
25 шілдеде күдікті Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде егде жастағы әйелден "Шұғыл хабарласу керек" деп телефон сұраған. Оны алған соң оқиға орнынан ізін суытқан. Зейнеткер 30 мың теңге көлемінде шығын келгенін айтады.
"Қазіргі таңда күдіктің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша 4 іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің күдіктіден зардап шеккен адамдарды төмендегі мекенжайға келуге немесе төмендегі телефондарға хабарласуды өтініп сұрайды:
Бейбітшілік көшесі, 19, 8 (7172) 71-61-51; 71-60-69, 8-702-500-97-29 немесе "102".
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!