Ер адамды қарызын өтемегені үшін ұрлап әкеткендер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адамды қарызын өтемегені үшін ұрлап әкеткендер ұсталды ©izvestiaur.ru

Рудный қалалық ішкі істер басқармасы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен бірге адам ұрлау дерегі бойынша үш азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудный қалалық ішкі істер басқармасы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен бірге адам ұрлау дерегі бойынша үш азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылдың 14 қаңтарында Рудный қаласы ішкі істер басқармасына 27 жастағы әйел хабарласып, 36 жастағы күйеуін біреулердің алып кеткенін айтты. Әйелге күйеуінің SMS хабарламасы келген. Онда "Жазуға уақыт жоқ, егер бір-екі күннен кейін оралмасам полицияға хабарлас" деп жазылған", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы дерекпен арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, жедел-іздестіру шараларын бастады. Тергеу барысында ұрланған ер адамның Астана қаласындағы кредиторлардан ірі көлемде қарыз алып, олардан жасырынып жүргені анықталды.

Полицейлердің айтуынша, үш күдікті ер адамды Қостанай қаласына әкелген. Қала шетіндегі аудандардың бірінде оның қамауда болғаны және одан ақшаны қайтаруды талап етілгені белгілі болды. Күдіктілер оған ақша табуы үшін телефон берген. Ер адам осы жағдайды пайдаланып, әйеліне хабарлама жіберіп үлгерген.  

Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, Рудный қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 125-бабы бойынша (Адам ұрлау) және 126-бабы бойынша ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети