Ермегияев пен оның адвокатының тәртібі сот процесіне қатысушылардың ызасын келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елордадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында "Астана ЭКСПО - 2017" компаниясынан мемлекеттік қаражатты жымқыру ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

"Құрметті судья, Котловаға ескерту жасауыңызды сұраймын, ол отырып, пікірін айтып, мырс-мырс күліп отыр. Жосықсыз тәртібіне ескерту жасауыңызды сұраймын", - деп мәлімдеді Күлжан Ержанова.
"Ермегияевке де ескерту жасауыңызды сұраймын. Олар отырып алып, күле береді. Бұл сот қой", - деді адвокаттың әріптесі.
"Котлова!", - деді судья.
"Құрметті судья, мен күліп отырған жоқпын", - деп жауап қатты Ермегияевтің қорғаушысы.
"Барлығыңызға айттым. Котловаға ғана қатысты емес. Процеске қатысушылардың барлығына қатысты, біреу жауап беріп жатқанда өздеріңізді дұрыс ұстаңыздар, тыңдаңыздар", - деді судья Әділхан Шайхисламов.
"Біз өзімізді дұрыс ұстап отырмыз. Ештеңе айтып жатқан жоқпыз, пікір айтып отырған жоқпыз", - деді Талғат Ермегияевтің адвокаты Алла Котлова.
Бүгін куәгерлердің бірінен жауап алынған еді. Оның барысында сотталушы Марс Шормановтың адвокаты Күлжан Ержанова әріптесіне ескерту жасауды сұрады.
Еске салайық, осыған дейін де судья Ермегияевке күлгені үшін ескерту жасаған болатын.