13 сәуір 2016 | 11:39

Ермегияевтің жаңа адвокаты "Астана ЭКСПО" ісі бойынша сотта үзіліс жариялауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ермегияевтің жаңа адвокаты "Астана ЭКСПО" ісі бойынша сотта үзіліс жариялауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікірді "Астана ЭКСПО-2107" компаниясының экс-басшысының үш адвокатының бірі білдірді.


Иконка комментария блок соц сети

Ермегияевтің жаңа адвокаты "Астана ЭКСПО" ісі бойынша сотта үзіліс жариялауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікірді "Астана ЭКСПО-2107" компаниясының экс-басшысының үш адвокатының бірі білдірді.

Экс-шенеуніктің іске жаңадан кіріскен адвокаты Данияр Қанафин өтініш жасады. 

"36-баптың 3-бөлігіне сәйкес, іске жаңадан кіріскен қорғаушыға сот отырысына қатысуға дайындалуына уақыт беріледі. Ол сотқа қатысқанға дейін сот отырысында болған әрекеттерді қайталау бойынша өтініш бере алады. Әрбір адам өзіне тағылған қандай да бір қылмыстық айыптауды құзырлы әрі әділ сотта істің ашық болуына әрі әділ болуына құқығы бар. Әрбір адамға қорғауына қажетті уақыт заңды түрде берілуі керек", - деді ол.

Осыған байланысты ол сотта қаралған іс материалдарымен толықтай танысып шығу үшін судьядан үзіліс жариялауды сұрады. 

"Сотқа төрағалық етуші сот отырыстарының кестесін бекітті, оған сәйкес процеске қатысатын әрбір адам бір апта бойында жұмыс уақытында сот отырысында болуға мәжбүр. Осы себептен келесі сот отырыстарына дайындалуға, қорғаушылардың іс бойынша ұстанымын өзінің қорғауындағы адаммен талқылап алуға мүмкіндігі жоқ. Адвокат осы кестеге сәйкес қылмыстық істің материалдарымен қалыпты жағдайда танысу мүмкіндігінен шектеліп отыр, сонымен қатар осыған дейінгі сот отырыстарының хаттамаларымен таныса алмай отыр. Меніңше, бұл негізсіз асығыстық, бұл жоғарыда көрсетілген қылмыстық-процессуалдық кодекстің нормаларына сәйкес емес", - деп қорытты сөзін Ермегияевтің адвокаты.

Судья Әділхан Шайхисламов адвокаттың бұл сөзіне былай деп жауап қатты: Әрбір қорғаушы сотқа келіп, іс бойынша қажетті материалдарды ала алады. Қорғауыңыздағы адаммен жеке сөйлесуге қай уақытта келсеңіз де мүмкіндік беріледі. Ол үй қамауында. Оған барып, кездесе аласыз. Егер оны қамап ұстап отырған орган өкілдері болса, сіз мұны сотқа хабарлаңыз. (...) Сіз оған кез келген уақытта бара аласыз, әрбір адвокат тіпті түнгі үште бара алады". 

Судья іске жаңадан кіріскен адвокаттың іс материалдарымен танысып шығуы үшін үзіліс жарияламайтынын айтты. "Оны сіз ғана қорғап отырған жоқсыз, оны тағы екі адвокат қорғап жатыр. Материалдарды солардан ала аласыз. Олар бұл құжатпен танысып шыққан. Егер оларда болмаса, сотқа келіп, таныса аласыз", - деді судья.

Оның бұл шешімімен адвокат Данияр Қанафин келіспей, бұл жағдайда адвокаттардың еңбек құқығының бұзылып жатқанын айтты.

"Жалпы бізде сотта және кейбір мемлекеттік қызметкерлерде жұмыс күні нормаға сай келмейді", - деп жауап қатты судья. 

Айта кетейік, осы аптада сотталушы Талғат Ермегияевтің үшінші адвокаты пайда болған еді. Данияр Қанафин экс-шенеунікті қорғап жатқан адвокаттар Галина Әлімғожина мен Алла Котловаға қосылған болатын.

Еске салайық, 18 наурызда Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы басталған еді. Бұл істе 23 адам күдікке ілініп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети