Есік қаласының маңында 56 жастағы әйел соққыға жығылып, зорланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есік қаласының маңында 56 жастағы әйел соққыға жығылып, зорланған

Алматы облысында 56 жастағы әйел зорланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 56 жастағы әйел зорланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыс туралы мәлімет Facebook желісіндегі "#НеМолчиKZ сексуалды зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысында" жарияланған. Қауымдастыққа 1990 жылғы жігіт хабарласып, өздерінің үйінде біреулер анасын ұрып-соғып, зорлағанын хабарлаған. Оқиға Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданында Бәйтерек ауылында болған. 

"56 жастағы сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел Есік қаласының ауруханасында жатыр, оның жағдайы ауыр, соққыдан әйел ауыр жарақаттар алған. (...) Әйелге жедел түрде көзіне ота жасау керек, сондай-ақ нейрохирургтың кеңесі мен емдеуі қажет", - делінген хабарламада.

Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер сотқа дейінгі тергеу жұмыстары біріңғай реестерде "Зорлау" бабымен қозғалған. "Қылмыскердің кім екені анықталған. Қазіргі уақытта оны ұстау үшін шаралар жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети