Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Есік қаласының маңында 56 жастағы әйелді зорлады делінген күдікті ұсталды

30 Қыркүйек 2016, 17:26
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматы облысының полиция қызметкерлері Есік қаласының маңында 56 жастағы әйелді зорлады делінген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің "Зорлау" бабы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Еске салайық, осыған дейін Есік қаласының маңында 56 жастағы әйел соққыға жығылып, зорланғаны хабарланған еді. Қылмыс туралы мәлімет Facebook желісіндегі "#НеМолчиKZ сексуалды зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысында" жарияланған. Қауымдастыққа 1990 жылғы жігіт хабарласып, өздерінің үйінде біреулер анасын ұрып-соғып, зорлағанын хабарлаған. Оқиға Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданында Бәйтерек ауылында болған. "56 жастағы сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел Есік қаласының ауруханасында жатыр, оның жағдайы ауыр, соққыдан әйел ауыр жарақаттар алған. (...) Әйелге жедел түрде көзіне ота жасау керек, сондай-ақ нейрохирургтың кеңесі мен емдеуі қажет", - делінген хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай