Алматы облысындағы Есікте қыз зорлады деген төртінші күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысындағы Есікте қыз зорлады деген төртінші күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Есікте жаппай қыз зорлады деген күдікті кеше, 24 тамызда ұсталды. Оның есімі Нұрбол, 1992 жылғы. Күдікті өз туысқандарының үйінде жасырынып келген. Ол Орталық Қазақстанның тумасы, өзі Еңбекшіқазақ ауданында тұрып келген. Қазіргі уақытта ол Еңбекшіқазақ аудандық уақытша ұстау изоляторында. Сонымен қатар, іске қатысы бар екі әйелді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, олар - Мария мен Юлия, олар шамамен 30 жаста. Олар бұл іске куәгер ретінде тартылады", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.
Еске салайық, бұл оқиға жайлы таяуда белгілі болды. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған. Өз кезегінде ІІД өкілдері бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеудің жүріп жатқанын хабарлады.
Полициядағылардың айтуынша, қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам бар. Олардың бірі Алматы қаласының тұрғыны. Олардың үшеуі ұсталып, Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Төртіншісі енді ұсталып отыр.