02 қыркүйек 2016 | 09:33

Есікте жаппай зорланған қыз бірінші рет видеосұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© exclusive.kz © exclusive.kz

Алматы облысы Есік қаласында жаппай зорланған Жібек Мусина Exclusive порталына бірінші видеосұхбат берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Есік қаласында жаппай зорланған Жібек Мусина Exclusive порталына бірінші видеосұхбат берді. 

Қыз қылмыстық жауапкершілікке тергеушіні тартуды талап етіп отыр. Бұл тергеуші осы іспен біріншілердің қатарында болып айналысқан екен. Жәбірленуші қылмыстық жауапкершіліктен басты күдікті Алмас Ермековты тасымалдап, кеңес берген полицейдің де құтылып кететінін айтып, алаңдайды. 

Ал "Астана" телеарнасының мәліметінше, жәбірленушінің туыстары зорлықшылардың бірінің отбасымен таныс болған. Ол Жібек білім алған мекеменің жанында орналасқан мектепте 11 жыл оқыған екен. 

"Біз Алмастың әжесін білеміз, себебі біздің атамыз олардың отбасын білетін, араласып тұратын, ал өзім білмеймін. Мен өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етемін, осы төрт жігіттің қатаң жазаланғанын талап етемін. Кешірім болмайды. Кешірім сұрап келіп жатыр, болмайды кешірім, Қазақстан Заңы жазаласын. Біздің Есікте зорлау жағдайлары көп болады, соның барлығы жабулы күйінде қала береді, іс сотқа дейін жетпей қалатын, қыздар ұялатын", - дейді зорланған қыздың анасы Гүлбадар Мусинова.

Еске салайық, Есіктегі жаппай зорлау оқиғасы 14 тамызға қараған түні болған. Бұл іс қоғамда дүрлігу туғызды. 22-29 жас аралығындағы төрт ер адам күдікті, олардың бірі Алматы тұрғыны. Олардың барлығы ұсталып, екі айға қамауға алынды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети