19 қыркүйек 2016 15:19

Есіктегі жаппай зорлау оқиғасы: Адвокат биологиялық сараптаманың қорытындысын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© spb.aif.ru © spb.aif.ru

Есіктегі зорлау оқиғасына қатысты жаңа деректерді Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова айтып берді.


Есіктегі зорлау оқиғасына қатысты жаңа деректерді Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова айтып берді.

"Сот-медициналық сараптамалардың қорытындысында Жібектің дене жарақаттары болғаны расталды. Оны зорлап жатқанда ұрып-соққан. Биологиялық сараптама сотталушылардың жәбірленушімен жыныстық байланысқа түскенін жоққа шығарылмайтынын көрсетіп берді. Қазіргі уақытта молекулярлық-генетикалық сараптаманы күтіп отырмыз", - деді Омарова. 

Еске салайық, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны өз қызын төрт ер адамның зорлап кеткенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қызын 14 тамызға қарағанда белгісіз біреулер зорлаған. Бұл оқиға қыз бен оның бауырының кафеде мерекені тойлаудан шыққан кезінде болған. Төрт жігіт қыздың бауырын ұрып-соғып, қыздың өзін күштеп көлігіне отырғызып, алып кеткен. 

Қылмыстық істе күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам бар, олардың бірі Алматы тұрғыны. Қызды топ болып зорлады деген күдікке ілінген адамдарға Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағу қарастырылған. Алматы облыстық ІІД өкілдері төрт күдіктіге зорлау, адам ұрлау, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық және бұзақылық баптары бойынша айыптың тағылып отырғанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети