03 қазан 2023 | 12:36

Есірткі, алтын, қару, валюта. ҰҚК шекарадағы заңбұзушылықтар туралы хабарлады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК баспасөз қызметінен

ҰҚК шекарадағы заңбұзушылықтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК шекарадағы заңбұзушылықтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 2 895 адам ұсталған, ал биыл ол 19 795 болған.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік шекара арқылы 989 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде:

86 – жалпы салмағы 50 келі есірткі заттары; 16 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (7 дана ату қаруы, 67 дана оқ-дәрілер); 402 – жалпы сомасы 10 миллион теңгеден жоғары жанар-жағармай материалдары (47 423 литр); 363 – алдын ала құны 2 миллиард теңгеден аса халық тұтынатын тауарлар; 98 – сомасы 1 миллиард теңгеден жоғары валюта; жалпы сомасы 1 миллиард теңге 48 келі зергерлік бұйымдар (алтын) алынған.

"Каспий акваториясында 59 браконьерлік дерегінің алды алынды, сондай-ақ тәркіленген. Оның ішінде жалпы ұзындығы 150 шақырым браконьерлік аулау құралдары; 2 дана жүзу құралдары; 1 434 дана (9 408 келі) бекре тұқымдас балықтар; 1 689 дана (5 219 келі) ұсақ тұқымдас балықтар. Алды алынған залал сомасы 3 миллиард 279 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Бұл фактілер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная