Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Есірткі, алтын, қару, валюта. ҰҚК шекарадағы заңбұзушылықтар туралы хабарлады 03 қазан 2023, 12:36

ҰҚК шекарадағы заңбұзушылықтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: ҰҚК баспасөз қызметінен Фото: ҰҚК баспасөз қызметінен

ҰҚК шекарадағы заңбұзушылықтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 2 895 адам ұсталған, ал биыл ол 19 795 болған.

Мемлекеттік шекара арқылы 989 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде:

  • 86 – жалпы салмағы 50 келі есірткі заттары;
  • 16 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (7 дана ату қаруы, 67 дана оқ-дәрілер);
  • 402 – жалпы сомасы 10 миллион теңгеден жоғары жанар-жағармай материалдары (47 423 литр);
  • 363 – алдын ала құны 2 миллиард теңгеден аса халық тұтынатын тауарлар;
  • 98 – сомасы 1 миллиард теңгеден жоғары валюта;
  • жалпы сомасы 1 миллиард теңге 48 келі зергерлік бұйымдар (алтын) алынған.

"Каспий акваториясында 59 браконьерлік дерегінің алды алынды, сондай-ақ тәркіленген. Оның ішінде жалпы ұзындығы 150 шақырым браконьерлік аулау құралдары; 2 дана жүзу құралдары; 1 434 дана (9 408 келі) бекре тұқымдас балықтар; 1 689 дана (5 219 келі) ұсақ тұқымдас балықтар. Алды алынған залал сомасы 3 миллиард 279 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Бұл фактілер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram