Есірткі картельдері балаларды видео ойындар арқылы шақырған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есірткі картельдері балаларды видео ойындар арқылы шақырған

Мексика үкіметі кәмелетке толмағандарды есірткі картельдеріне видео ойындар арқылы шақыратынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Republic World" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексика үкіметі кәмелетке толмағандарды есірткі картельдеріне видео ойындар арқылы шақыратынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Republic World" сайтына сілтеме жасап.

Билік Оахака штатында есірткі картелі үш баланы ойын арқылы шақырғанын хабарлады. 11-14 жас аралығындағы балаларға Мексиканың солтүстігіндегі есірткі картелінде бақылаушы ретінде жұмыс істеу үшін аптасына 200 доллардан (шамамен 85 мың теңге) төлеу ұсынылған. Арнайы қызметкерлер балаларды автобусқа отырмас бұрын ұстап алған. Полиция оларға билет сатып алып бергендерді де ұстады.

Қауіпсіздік қызметі бастығының орынбасары Рикардо Мехия Бердеха олар зорлық-зомбылық көрсетілетін әрі қару көп болатын ойындарға назар аударатынын айтты. Соның ішінде бұл Call of Duty, Gears of War және Grand Theft Auto V секілді ойындарға қатысты.

Оның айтуынша, әдетте олар жаңадан ойнап жатқандай болып, ойыншылардан бір нәрсе түсіндіруін сұрайды. Байланыс орнатқаннан кейін жұмыс туралы айта бастайды. Картельге кіру үшін орташа жас - 13-15 жас екені айтылды. Осы себеппен көбіне ұл балалар оқуды тастап, есірткі қолдана бастайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети