05 шілде 2024 14:15

Есірткі, қару, ақша: ҰҚК шекарашылар жұмысы туралы есеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда мемлекеттік шекараны бұзған қанша адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда мемлекеттік шекараны бұзған қанша адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында, 2024 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 4 337 адам ұсталды, соның ішінде:

  • 55 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
  • 35 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 639 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде:

  • 46 – есірткі заттары, жалпы салмағы 14 келіден жоғары;
  • 48 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (1 дана ату, 6 дана зақым келтіру және 459 дана суық қарулары, 172 дана оқ-дәрілер);
  • 30 – діни әдебиет (692 дана); 553 – жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (45 000 литрден астам);
  • 726 – жалпы сомасы 2,2 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 236 – жалпы сомасы 1,9 миллиард теңгеден астам шетел валютасы.

"Каспий акваториясында 34 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ: 18 дана жүзу құралдары; жалпы ұзындығы 32,5 шақырым торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары; 20 дана (71,3 кг) бекіре тұқымдас балықтар; 12 905 дана (24 896 келі) таза тұқымдас балықтар; 47 дана суда жүзетін тасбақалар; 9 дана суда жүзетін құстар; 1 дана каспий итбалығы", - делінген хабарламада.

Алды алынған залал сомасы 147 миллион теңге болады. Бұл фактілер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды

Валюта бағамы

 476.83   490.7   5.42 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети