Есірткі сатумен айналысқан күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есірткі сатумен айналысқан күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды Бас прокуратураның бейнежазбасындағы кадр

Есірткі сатумен айналысты деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есірткі сатумен айналысты деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 13 шілде күні Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген ер адамды экстрадициялау туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды.

Күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған, содан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети